Бүгін еліміз бойынша бірнеше бағытта ақылы жолдар іске қосылды
08.10.2023 13:48
Фото:
gov.kz
Бүгіннен бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі "Қазавтожол" АҚ-на сілтеме жасап.
8 қазанан "Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды. Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады. Оның ішінде:
10 қазанда "Орал-Самара";
Сонымен қатар "Орал-Саратов" жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр.
Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді:
1. жеңіл көліктер – 0 тг/км (босатылған);
2.16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км;
3. 32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км;
4. 32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/км;
5. жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 20 тг/км;
6. жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.
Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

