Жаңалықтар

Бүгін елдің батысында күн аптап ыстық болады

Бүгін елдің батысында күн аптап ыстық болады
Фото: El.kz 06.07.2023 06:10 939

6 шілдеде еліміздің батыс аймағында күн қатты ыстық болады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» синоптиктері қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Әлі де циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында найзағаймен бірге жаңбыр жауып, бұршақ және дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, - делінген синоптиктер таратқан ақпаратта.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға