Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауады
31.10.2023 06:29
Фото:
©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 31-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республика аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен күн құбылып тұрады.
Елдің басым бөлігінде жауын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Түнде Қазақстанның орталығында (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста, таулы аудандарда (жаңбыр, қар), күндіз оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал, солтүстік-батыста жел тұрып, жаяу бұрқасын соғады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

