© El.kz

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

16.11.2023 07:30

Бүгін, 16 қарашада еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Алматыда, түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.