©El.kz

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

28.10.2023 08:21

28 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек Ақтау мен Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.