kurs.kz

Бүгін доллар тағы 5 теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,53 теңгеге қымбаттап, 514,74 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 508,3 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 517,51 теңгеден сатып алынады, 520,11 теңгеден сатылады. Еуро 597,81 - 603,81 теңге, ал рубль 6,57 - 6,70 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,88 теңгеден сатып алынады, 74,71 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

доллар 514,82 теңгеден сатып алынады, 521,82 теңгеден сатылады;

еуро: сатып алу - 595,72 теңге, сату - 605,72 теңге;

 рубль: сатып алу - 6,59 теңге, сату - 6,75 теңге.

юань: сатып алу - 72,78 теңге, сату - 77,08 теңге.