Бүгін әлемдік деңгейдегі танымал әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш Құдайбергеннің туған күні. Ол 31 жасқа толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Димаш Құдайберген 1994 жылғы 24 мамырда дүниеге келді. Ол кішкентайынан ән айтқан, әртүрлі байқауға қатысқан. Алғаш рет 2015 жылы Беларусияда «Славянский базар» өнер фестиваліне қатысып, танымал болды.
2017 жылы Азияның «Грэммиі» саналатын «Top Chinese Music Award» сыйлығын "Азияның ең танымал әншісі" аталымында жеңіске жетті.
Көптеген халықаралық жүлделердің иегері.
Димаш Құдайберген туған күнін отбасымен, ата-анасы мен бауырларының ортасында өткізеді. Жанкүйерлері оған бірнеше күннен бері құттықтау хаттарын жолдап жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

