Жаңалықтар

Бүгін даңқты боксшы Геннадий Головкиннің туған күні

Бүгін даңқты боксшы Геннадий Головкиннің туған күні
Фото: instagram.com/gggboxing 08.04.2023 09:00 2279

Бүгін қазақтың әлемге белгілі боксшысы Геннадий Головкин 41 жасқа толды. Осы орайда El.kz ақпараттық агенттігі даңқты боксшы туралы қызықты деректерді ұсынады.

Геннадийдің әкесі орыс ұлтынан. Ұзақ жыл кенші болып жұмыс істеген. 69 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Ал анасы кәріс ұлтының өкілі. Осыған қатысты бір кездері боксшымыз ұтымды жауап берген:

 Әкем – орыс, шешем – кәріс. Ал мен – қазақпын!, - деген болатын Г. Головкин.

Бүгін даңқты боксшы Геннадий Головкиннің туған күні

Отандасымыз бокспен 8 жасынан айналысқан. Оның өзінен үлкен үш ағасы болған. Бірақ Вадим және Сергей есімді ағалары әскерде жүргенде белгісіз себептен қайтыс болған.  Ал егіздің сыңары Максим да бокспен айналысқан. Бірақ кейін спортты тастап, бауырына көмектесуі қолына алған болатын.

Геннадий бокстан бөлек футболға да қатты қызығады. Оның ең сүйікті футболшысы Криштиану Роналду. Геннадий әуесқой мансабында 350 жекпе-жек өткізіп, 345-ін жеңіспен аяқтаған. 

Бүгін даңқты боксшы Геннадий Головкиннің туған күні

Геннадий – солақай. Дегенмен бокстасу барысында екі қолында бірдей пайдаланады. Спортшы аптасына кем дегенде 3-4 рет жаттығады. Оның жаттығуы таңғы сағат жетіден басталады. Геннадий өзге спортшылар сияқты диетаға отырмайды. Дегенмен, дұрыс тамақтану режимін ұстанады. Сүйікті тағамы – балық. Оның салмағы – 76 келі. Бойы – 179 см.

Бүгін даңқты боксшы Геннадий Головкиннің туған күні

Боксшы қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлейді. 2014 жылы қазақтан шыққан боксшы ретінде алғашқылардың бірі болып оның GGG бренді қалыптасады.

Головкин жекпе-жектерінің көпшілігін мерзімінен бұрын жеңген күшті және техникалық соққышы және нокаутшы ретінде танымал. Ол 2008 жылдың 22 қарашасынан 2017 жылдың 18 наурызына дейін 9 жыл қатарынан 23 рет нокаутпен жеңіске жетті. Орта салмақтағы тарихтағы нокауттардың ең жоғары пайызы үшін Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

Бүгін даңқты боксшы Геннадий Головкиннің туған күні

Сонымен қатар, экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге арнайы Тұңғыш Президент орденін тағып, сол кездегі Нұр-Отан (қазіргі Amanat) партиясының мүшелігіне қосқан.

Бүгін даңқты боксшы Геннадий Головкиннің туған күні

2018 жылы ақпанда Головкин «Бокстағы аңыз адам» сыйлығының иегері атанды. Сондай-ақ, 6 маусымда The Ring журналында pound-for-pound нұсқасы бойынша чемпион белдігін Головкинге табыстады. Дәл сол жылдың қыркүйегінде Головкин Альвареспен қарымта жекпе-жекке шығып, барлық титулынан айырылды. Мексикалық ұпаймен жеңіп кетті. Бұл – Головкиннің кәсіпқой бокстағы ең алғашқы жеңілісі.

Бүгін даңқты боксшы Геннадий Головкиннің туған күні

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға