egemen.kz

Бүгін бірқатар қалада ауа сапасы нашарлайды

08.12.2022 04:18

Бүгін еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

8 желтоқсанда Астана, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Қарағанды (1 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Өскемен (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, метеорологиялық жағдайлар осы қалалардың атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Сондықтан ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі дейді мамандар.