Жаңалықтар

Бүгін бірқатар облыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін бірқатар облыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Фото: © El.kz 22.09.2024 07:31 523

"Қазгидромет" РМК жексенбі 22 қыркүйекке арналған ауа райын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атмосфералық фронталды бөліктер еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайды – жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Республиканың батысында, солтүстігінде, орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. ҚР бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі,-делінген "Қазгидромет" мәліметінде.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, Абай облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ал Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында,  Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға