©El.kz

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

22.09.2023 07:11

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

22 қыркүйекте Атырау, Ақтөбе, Ақтау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.