El.kz

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

07.06.2023 07:34

Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, 7 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.