El.kz

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

31.05.2023 06:13

31 мамырда еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сәйкес, Ақтөбе, Алматы, Петропавл қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.