«Қазгидромет» мамандары Қазақстанның бірнеше өңіріндегі ауа сапасына қатысты жаңартылған болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ресми ақпаратқа қарағанда, 2025 жылғы 17 қараша күні Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен және Риддер қалаларында атмосфералық жағдайлар қолайсыз болуы ықтимал.
Мұндай қолайсыз метеорологиялық ахуал - тұман, әлсіз жел, тымық ауа райы немесе инверсия секілді қысқа мерзімдік құбылыстардың әсерінен зиянды заттардың жерге жақын қабатта жиналуына себеп болатын жағдайлар жиынтығы.
Осы кезеңдерде ауа сапасы төмендеп, ластаушы заттардың концентрациясы артуы мүмкін.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

