Жаңалықтар

Бүгін Бердібек Соқпақпаевтың туғанына 100 жыл

Бүгін Бердібек Соқпақпаевтың туғанына 100 жыл
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі 15.10.2024 09:00 458

Бүгін Қазақ әдебиеті әлемінің алыбы,балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына - 100 жыл.  Қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушының мерейтойы биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балалар әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің “Менің атым Қожа, Балалық шаққа саяхат, Өлгендер қайтып келмейді” сынды туындылары ел жадында мәңілік сақталған. Шығармалары әлемнің көптеген тіліне аударылған қаламгердің есімі түрлі түркі елдеріне мәлім.Ғасырға толған ұлы той жазушының 100 жылдығы жақында туған өлкесі Нарынқол өңірінде тойланған болатын.

1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға