Бүгін белгілі боксшысы Санжар Тәшкенбайдың тойы өтеді
16.07.2023 10:46
Фото:
instagram.com/tashkenbay_sanzhar
Мамыр айында Ташкентте бокстан өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Санжар Тәшкенбайдың үйлену тойы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың айтуынша, Санжар Тәшкенбайдың құдалығы, басқа да жөн-жоралғысы бұған дейін өтіп кеткен. Енді оның көптен күткен тойы бүгін өтпек.
48 келіде ұттық құраманың белді мүшесі Санжар Тәшкенбай 2022 жылы ересектер арасында Азия чемпионы атанған. Ол бұдан бөлек 2 жыл бұрын жастар арасында әлем және Азия чемпионатында үздік шығып, алтыннан алқа тағынды.
Таяуда Астанада өткен "Елорда" кубогында боксшысы жарыстан тыс қалды. Оның себебін, жаттықтырушылар боксшының үйленуі тойымен байланыстырған болатын. Айта кететін бір жайт, Санжар Тәшкенбай 51 келіге ауысып, Олимпиадаға қатысуды көздейтінін айтқан еді. Алайда, бұл салмақта бокстан Олимпиада Ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

