Жаңалықтар

«Бүгін бәрін аяқтау қажет». Олжас Бектенов Сарандағы жағдайға қатысты нақты тапсырма берді

«Бүгін бәрін аяқтау қажет». Олжас Бектенов Сарандағы жағдайға қатысты нақты тапсырма берді
Фото: Үкімет 15.10.2024 10:35 457

Күні кеше Қарағанды облысы Саран қаласында 10 жылдан астам уақыт бойы салынған жаңа орталық қазандықтағы техникалық мәселелерге байланысты 85 үй жылусыз қалған болатын. Аталған жағдай туралы Үкімет отырысында облыс әкімі баяндады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың сөзінше, Саран жаңа орталық қазандығында төрт қазандық орнатылған. 13 қазан күні №1 қазандық іске қосылып және тәулік ішінде шығатын температура 55 градусты құраған.

13 қазанда қазандық төмен қайнаған қабатпен насос жабдығы автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан мәжбүрлі түрде тоқтатылды. Режимдік баптаулар бойынша жұмыстар жалғасуда. Ақаулардың шығуына байланысты жылумен жабдықтауды резервтік схемаға көшу бойынша шешім қабылданды, 124 үй резервтік жылытуға қайта қосылып, жылу берілуде. Қыркүйек бойынша жұмыс аяқталуда. Бүгінгі күнге дейін барлық үйге жылу берілетін болады. Мәселе жеке бақылауымда, – деді облыс әкімі.

Премьер-министр Олжас Бектенов аталған жұмыстарды бүгін аяқтау қажеттігін тапсырды.

Бүгін бәрін аяқтау қажет. Бірінші кезекте бұл Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі, және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы. Менің тапсырмам бойынша қазірт тексеріс жүріп жатыр. Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардың барлығы жауапкершілікке  тартылады. Отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, өзі бәрін тексереді. Нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыстың құрамы бар болатын болса, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – деді Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға