Жаңалықтар

Бүгін балалар ақыны Мүбәрәк Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл

Бүгін балалар ақыны Мүбәрәк Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 07.11.2024 09:52 473

Бүгін балалар ақыны Мүбәрәк Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мүбәрәк Жаманбалинов Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің Ертіс ауданындағы меншікті тілшісі болған. Әдебиетке елуінші жылдардан араласты. «Айна бұлақ» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1956 жылы жарық көрді. Содан бері бірнеше жыр жинағын шығарып, балалар ақыны ретінде танылды. Өлеңдері қырғыз, түрікмен, өзбек, латын тілдеріне аударылған.

Шығармалары: «Сәлем», «Ертіс лебі», «Кішкене достарға», «Менің інім», «Батыр ұстаз», «Қаламгер» өлеңдері табиғатқа, жыл мезгілдеріне, анасына, ұстазына, оқуға байланысты болып жазылған.  Ақын 1987 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағына ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға