Жаңалықтар

Бүгін әйелдер арасындағы Ұлттар лигасының жеребесі тартылады

Бүгін әйелдер арасындағы Ұлттар лигасының жеребесі тартылады
Фото: kff.kz 02.05.2023 14:07 894

Бүгін футболдан әйелдер құрамалары арасында жаңа турнир УЕФА Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

УЕФА атқарушы комитеті былтыр күзде әйелдер арасында УЕФА Ұлттар лигасын өткізу туралы шешім қабылдады. Жарыс Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі болып, сонымен қатар Еуропа және әлем чемпионатының іріктеу кезеңдеріне ықпал етеді.

Жаңа формат әйелдер арасында Еуро-2025 чемпионатында алғаш рет қолданылады. 2023 жылдың күзінен бастап жаңа жүйе УЕФА Ұлттар лигасы мен Еуропа іріктеу кезеңін біріктіреді. Жарыс ережесі бойынша ұлттық құрамалар дивизиондар арасында ауысады (жоғарылайды немесе төмендейді), сонымен қатар Ұлттар лигасының финалдық кезеңін сарапқа салады.

Топтық кезеңде командалар УЕФА әйелдер құрамаларының рейтингіcі бойынша үш лигаға бөлінеді. Қазақстан құрамасы С лигасына түсті. Төрт топқа әр себеттен бір командадан түседі. Ал бесінші топ алғашқы үш себеттен қалған командалардан құралады.

Жеребе тарту рәсімі 2 мамыр күні Астана уақыты бойынша 17:00-де басталады.

1-себет: Мальта, Израиль, Әзербайжан, Түркия, Солтүстік Македония

2-себет: Косово, Черногория, Люксембург, Эстония, Молдова

3-себет: Литва, Қазақстан, Латвия, Болгария, Кипр

4-себет: Фарер аралдары, Грузия, Армения, Андорра

С лигасындағы бес топтың жеңімпаздары В лигасына өтеді. Екінші орын алған үш үздік команда В лигасында үшінші орын алған үш үздік командамен өтпелі ойындар өткізеді. Жеңімпаздар Еуропа іріктеу кезеңінде В лигасында ойнайды. Ал ұтылғандары С лигасының ойындарына қатысады.

Әйелдер арасында УЕФА Ұлттар лигасының күнтізбесі-2023/24:

Топтық кезең:

1-2 турлар: 

20-26 қыркүйек, 2023 жыл

3-4 турлар: 

25-31 қазан 2023 жыл

5-6 турлар: 

29 қараша - 5 желтоқсан 2023 жыл

Финалдық кезең 

21-28 ақпан 2024 жыл

Өтпелі ойындар

21-28 ақпан 2024 жыл

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға