Жаңалықтар

Бүгін Астанада дзюдодан ел чемпионаты басталады

Бүгін Астанада дзюдодан ел чемпионаты басталады
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі 12.11.2023 09:15 725

Бүгін Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ел біріншлігі 12-15 қараша күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы (ерлер 320, әйелдер 144) қатысады.

Жарыс кестесінің алғашқы күні жекпе жек сарайында мандаттық комиссия шеңберінде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Е. Мырзабосынов өңірлердің аға жаттықтырушылары, федерация өкілдерімен, төрешілермен кездесу өткізді. Аталған кездесуде спорт саласына қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

12.11 - жарыстың бірінші күні.
48 кг, 52 кг. (әйелдер)
60 кг, 66 кг. (ерлер)

13.11 - екінші күні.
57 кг, 63 кг, 70 кг. (әйелдер)
73 кг, 81 кг, (ерлер)
*Ашылу салтанаты 16:30*

14.11 - үшінші күн
78 кг, +78 кг.
90 кг, 100 кг, +100 кг

15.11 - төртінші күн
Командалық жарыс 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға