Бүгін Ақтауда асық атудан ҚР чемпионаты басталды
25.03.2024 09:45
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Ақтауда наурыз айының 23-30 аралығында ұлттық спорт түрлері — «Асық ату» мен «Бес асықтан» алғаш рет Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Асық ату» және «Бес асық» ойындарына 2008-2010, 2011-2013 жылдары туған жасөспірімдер қатысады. Өңірде алғаш рет өткелі отырған бұл чемпионат ұлттық спорт - Асық ату және Бес асыққа деген қызығушылықты арттырып, ауыл аудан, қалаларда ұлттық спорт түрін дамыту, бабалардан мирас болған құндылықтарды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Аталмыш додаға республикамыздың 18 өңірінен 288 спортшы қатысып бақ сынамақ.
Айта өтейік, Ш.Есенов университетінің спорт залында 24 наурыз негізгі ойын басталып, ресми чемпионаттың ашылу салтанатты жиыны бүгін өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

