Бүгін Әнуарбек Байжанбаевтың дүниеге келгеніне - 100 жыл
EL.KZ Информационно-познавательный портал
26.03.2023 12:50
Фото:
twitter.com/qazradio_fm
Бүгін қазақтың «Левитаны» атанған атақты диктор, Қазақстанның Халық артисі Әнуарбек Байжанбаевтың туғанына 100 жыл. Бұл туралы «Қазақ радиосының» директоры Дулат Абибуллаев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Дауылпаз диктор Қазақ радиосында жарты ғасырдай жұмыс істеді. Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанын Кеңес елдері Левитанның дауысымен естісе, қазақ даласына «Жеңіс» хабарын Әнуарбек Байжанбаев жеткізді. Әнуарбек Байжанбаев 1989 жылы 21 қазан күні 66 жасында дүние салды. Дара диктордың рухына тағзым ретінде еткен жылдары Астана қаласындағы көшелердің бірі Әнуарбек Байжанбаевтың есімімен аталды. Ә.Байжанбаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында Қазақ радиосы жыл бойы бірқатар шаралар ұйымдастырмақ. Туған жерінде, радио ұжымы ішінде, эфирде диктордың есімін дәріптеуге арналған шаралар өтеді», - деп жазды Дулат Абибуллаев.
Осы аптата «Байжанбаев апталығы» айдарымен Қазақ және Шалқар радиоларынан хабарлар шығады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

