Бублик US Open-дегі рекордынан соң әлемдік рейтингіде жоғарылады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик US Open турнирінен кейін әлемдік ATP рейтингінде топ-20 қатарына қайта енді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) «Үлкен дулыға» сериясына кіретін АҚШ-тағы турнирдің нәтижесі бойынша жаңартылған рейтингті жариялады.
Турнир жеңімпазы Карлос Алькарас (Испания) әлемдік рейтингтің көшбасшысы атағын қайта иеленіп, италиялық Янник Синнерді басып озды.
Ал Александр Бублик бес саты жоғарылап, әлемнің 19-ракеткасы атанды.
ATP рейтингінің үздік 20 ойыншысы:
Карлос Алькарас (Испания)
Янник Синнер (Италия)
Александр Зверев (Германия)
Новак Джокович (Сербия)
Тэйлор Фриц (АҚШ)
Бен Шелтон (АҚШ)
Джэк Дрейпер (Ұлыбритания)
Алекс Де Минаур (Австралия)
Лоренцо Музетти (Италия)
Карен Хачанов (Ресей)
Хольгер Руне (Дания)
Каспер Рууд (Норвегия)
Феликс Оже-Альяссим (Канада)
Андрей Рублев (Ресей)
Томми Поул (АҚШ)
Иржи Легечка (Чехия)
Якуб Меньшик (Чехия)
Даниил Медведев (Ресей)
Александр Бублик (Қазақстан)
Алехандро Давидович-Фокина (Испания)
Бубликтің US Open-дегі жеке рекорды
Айта кетейік, Александр Бублик Америкадағы «Үлкен дулыға» турнирінде алғаш рет 1/8 финалға дейін жетіп, болашақ финалист Янник Синнерге есе жіберді.
Осы маусымда қазақстандық теннисші екі ATP 250 титулын (Гштаад және Китцбюэль турнирлерінде) және бір ATP 500 трофейін (Галледе) жеңіп алды.

