Жаңалықтар

Брюссель көшесінде мигрант екі футбол жанкүйерін автоматпен атып өлтірді

Брюссель көшесінде мигрант екі футбол жанкүйерін автоматпен атып өлтірді
Фото: Видеодан кадр 17.10.2023 09:03 1896

Теракт дүйсенбі күні кешке болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызғылт сару түсті күртеше мен басына шлем киген ер адам көшеде оқ атқан. Алдымен таксиге оқ жаудырып, сонан соң жаяу жүргіншілерге көшкен. Екі адамды ғимаратқа қашып кіріп бара жатқан жерінен атыр өлтірді.

Салдарынан Швецияның екі азаматы қайтыс болды. Олар Бельгияға екі құрама арасындағы матчқа келген екен.

Теракт жайлы белгілі болған сәттен бастап ойын тоқтатылды. Ал жанкүйерлер қауіпсіздік мақсатында бірнеше сағат бойы стадионнан шығарылған жоқ.

Қаскөй оқиға орнынан қашып кеткен. Ол әлі табылмаған. Өзін «ТГИЛ мүшесімін» деп видеоға түсіріп үлгерген.

Бельгия полициясы бұл жайттың Таяу Шығыстағы жағдайға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Елде жоғары деңгейдегі террорлық қауіп жарияланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға