Бруцеллездің алдын алу шаралары қандай?
ҚР ДСМ бруцеллездің алдын алу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бруцеллез - адамның (барлық ағзаны зақымдайды) және жануарлардың қауіпті жұқпалы ауруы, мүгедектікке әкелуі мүмкін.
Адам бруцеллезді мынадай жағдайда жұқтыруы мүмкін:
- ауру малмен (ұсақ және ірі қара мал, шошқа) және итпен байланыста болған және сойған кезде, оның ішінде тууы кезеңінде.
- ауру жануарлардың шикі еті мен сүт өнімдерін қолдану кезінде;
- ауру жануарлардың жүні мен терісін өңдеу кезінде.
Бруцеллездің белгілері:
буындардағы, арқадағы үзіліссіз ауырсыну, күштің төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы (ұзақ уақыт), тершеңдік, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, салмақ.
Негізгі ескерту шаралары:
- жануарларды бруцеллезге тексеріп, мал дәрігеріне ауру және түсік туралы хабарлаңыз;
- мал сою және мал бағу кезінде жеке гигиена ережелерін сақтаңыз, жұмыс киімін қолданыңыз;
- балаларды, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді малдың тууы кезеңінде жұмысқа тартпаңыз;
- даладағы сауда орындарында ет және сүт өнімдерін сатып алмаңыз.