instagram.com/tntsportsboxing

Британиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Орта салмақта өнер көрсететін британиялық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) осы дивизионның біріккен чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) үн қатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жыландының тумасы жуырда ғана доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) әлеуметтік желіде: «Қайдасың?» деп жазба арнап, жекпе-жекке шақырған еді. Алайда оған басқа боксшы жауап қатты.

Жә, бәрін қоя тұрайық... Өзің қайдасың? – деп жазды Бентли.

Айта кетейік, британиялық боксшы бұған дейін Жәнібекпен шаршы алаңда кездескен. 2022 жылдың қарашасында қазақстандық спортшы Бентлиді төрешілердің ортақ шешімімен жеңген болатын.

Дензел Бентли - орта салмақта Ұлыбританияның үш дүркін чемпионы, ұлттық белбеудің, WBO International титулы мен Еуропа чемпионы атағының иесі.