youtube.com/Vertical Aerospace

Британияда алғашқы «ұшатын такси» әуеге көтерілді

Ұлыбританияның Vertical Aerospace компаниясы Еуропада алғаш рет ашық әуе кеңістігінде «ұшатын таксидің» сынақтық ұшуын сәтті орындады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл көлік түрі алдағы жылдары жолаушыларды тасымалдау үшін қолданысқа берілмек.

The Daily Telegraph басылымының хабарлауынша, VX4 деп аталатын электрлі әуе таксидің прототипі Англияның оңтүстік-батысындағы Котсуолдс өңірінде сынақтан өтті. Ұшақты кәсіби пилот Саймон Дэвис басқарған.

Келесі кезеңде компания VX4 моделінің тік ұшып-қону және крейсерлік ұшу режимдеріндегі мүмкіндіктерін көрсетуге ниетті.