|
"Ашаршылық" "1930-1933 жылдары ашаршылықтан 1,5 миллионнан астам адам көз жұмса, мыңдаған қазақ отбасылары жан сақтау үшін шекара асып кетті. Сол сәттің фотоға ілінген фрагменті арқылы мен туған жерін тастап, жақсы өмір іздеп бара жатқан жүдеу көшті көрсетемін. Жұмыс барысында пластик пакеттер, нан мен кәмпит қалдықтарын қолдандым". "Желтоқсан" "Бұл көтеріліс қазақ жастарының үлкен қозғалысы еді. Мыңдаған жас қыз-жігіттер алаңға шығып қарсылық білдіргені үшін биліктің қаһарына ілінді. Мен де алаңға барған едім. Жалғыз келіп, басқаларға қосылдым. Бір-біріміздің қолымызды қысып ұстап, "Қазақ жасасын!" деп айғайлағанымыз есімде". |
|
"Мен Павлодарда туып - өстім. Ол жақта түрлі зауыттар көп, сол себепті ауа да лас. Бұл экологиялық проблема мені де алаңдатады. Павлодарда тұратын алыс-жақын туыстардан үш әйел онкологиялық аурумен күресіп, қайтыс болды... Берлинге Баянауылдан, Көкшетау мен Алматы тауларынан жинаған қайыңның қабықтарын алып келдім. Қоршаған ортадағы жағдай ағаш тамырына әсер етпей қоймайды. Ағаштардың тілі жоқ, іштей шіріп жатса да, сырттай білінбеуі мүмкін. Осы жерде мен ағаштар мен әйелдердің арасында параллель жүргізуді шештім. Себебі, онкология қоршаған ортаның әсерімен қатар, үздіксіз стресс, қоғам мен жақын адамдардың эгоизмінің нәтижесі". |