Бразилияда футбол жанкүйерлері мінген автобус аударылды
21.08.2023 01:41
Фото:
Видеодан алынған кадр
Бразилияда «Коринтианс» футбол клубының жанкүйерлерін тасымалдайтын автобус аударылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Globo телеарнасының ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 20 тамызда Белу-Оризонтидің шетінде болған. «Коринтианс» жанкүйерлері Бразилия чемпионаты аясында «Крузейромен» өткен ойыннан кейін Сан-Паулуға бара жатқан.
Белгілі болғандай, көлікте 46 адам болған, олардың жетеуі қайтыс болды, тағы 10-ы шыға алмай қалған. Ауыр жарақат алған бір жолаушы ауруханаға тікұшақпен жеткізілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

