Бразилияда автобус апатынан қаза тапқандар саны 38-ге жетті
22.12.2024 09:41
Фото:
Pixabay.com
Бразилияның шығысында автобус, жүк көлігі және жеңіл автокөлік соқтығысып, кемінде 38 адам қаза тапты, бұл сан әлі де өсуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін 22 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған еді. Ауруханаларға 13 зардап шеккен адам жеткізілді.
Құтқарушылардың мәліметінше, автобустың дөңгелегі жарылып, жүргізуші рульді басқара алмай, жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Осыдан кейін автобусқа артынан келе жатқан жеңіл автокөлік соғылған. Апат салдарынан автобус өртеніп кеткен.
Автобус Сан-Паулудан Баия штатына қарасты Витория-да-Конкисту қаласына бара жатқан.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

