БҚО тұрғыны террористік ұйымдарға үгіт-насихат жасаған
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
27 қыркүйекте ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деп күдіктелуде.
Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған болатын.
Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

