Видеодан кадр

БҚО тұрғыны он күн көлік жүргізем деп 4 млн айыппұл арқалады

13.04.2023 14:40

БҚО тұрғыны 10 күн ішінде 139 рет жылдамдық режимін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы 4 млн теңге, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Автокөліктің қазақстандық тіркеуі жоқ екенін пайдаланған жүргізуші жол қозғалысы ережелерін сақтамай қалада жылдамдықты барынша асырған. Ол көлігін базалар бойынша есепке алмайды және жазадан оңтайлы құтылып кетемін деп ойлаған, - делінген хабарламада.

БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын басқаруға құқығы болмаған.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, енді жүргізуші қомақты айыппұлды төлеуге мәжбүр.