БҚО тұрғыны 967,5 млн теңгенің темекісін заңсыз сатпақ болды
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
21.08.2023 10:23
799
БҚО төрт тұрғыны заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерін сатпақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл деректі ҚМА облыстық департаменті тексеріп жатыр.
Бір топ тұлғалардан жалпы сомасы 967,5 млн теңгеден асатын 1,6 млн қораптан астам темекі өнімдерінің ірі партиясы, сондай-ақ заңыз есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдері тәркіленді.
Заңсыз темекі бұйымдарын тасымалдау Қырғыз Республикасынан жүзеге асырылып, Орал қаласында сақталып, сатылған.
Сот үш айыпталушыны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті, тағы бір айыпталушы 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Омар Жәлел бас би лауазымынан айырылды
Келесі жаңалық
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін