Жаңалықтар

БҚО прокуратурасы 132 шақырым газ құбырын мемлекет меншігіне қайтарды

БҚО прокуратурасы 132 шақырым газ құбырын мемлекет меншігіне қайтарды
Фото: © Pixabay.com 23.07.2024 21:17 495

БҚО Қаратөбе ауданы прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде ауылдық елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ететін 132 шақырым газ тасымалдау желілерінің иесіз екені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пайдалану ережелері мен сақтық шараларын мұқият сақтауды талап ететін иесіз мүлікке уақтылы қызмет көрсету шараларын қолданбау газдың үздіксіз жеткізілуіне ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қауіп төндірді.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар прокурорлардың шаралары бойынша газ құбырын сот арқылы мемлекет меншігіне алған.

Газ құбырын мемлекет меншігіне алу алдағы уақытта газбен қауіпсіз қамтамасыз ету және газ құбырлары мен басқа да газ тарату желілерінің зақымдануын болдырмау бойынша тиісті шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға