БҚО-да желден балабақшаның шатыры ұшып кетті
Фото: БҚО ТЖД
Фото: БҚО ТЖД
10.07.2023 02:40
722
Батыс Қазақстан облысында күшті жел балабақшаның шатырын жұлып түсірді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 шілде күні кешке қарай Казталов ауданы Қошанкөл ауылында болды.
Сағат 17:45-те екпіні секундына 16 метрге дейін жеткен қатты жел қос қабатты «Қарлығаш» балабақша ғимаратының 320 шаршы метр шатырын ұшырып әкеткен. Бұл туралы сағат 18.50-де хабар түскен. 1984 жылы салынған ғимараттың жалпы ауданы – 381 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Арнайы комиссия құрылып, келтірілген шығын анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайда жер сілкінісі болды