©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

БҚО-да жедел жәрдем мен патрульдік көлік соқтығысты

29.09.2024 06:34

БҚО-да жедел жәрдем мен патрульдік көлік соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 28 қыркүйекте сағат 13:30-да екінші саяжай маңындағы Самара-Шымкент тас жолында орын алған.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Полицияның хабарлауынша, жол апатына жедел жәрдем көлігі кінәлі болуы мүмкін.  Апаттың басқа жағдайлары анықталып жатыр.