БҚО-да жанып жатқан көлік 11 минутта сөндірілді
28.07.2024 15:08
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында көлік өртенді. Оқиға жеке тұрғын үйдің ауласында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шақырту бойынша оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер көліктегі өртті 11 минут ішінде сөндіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Төтеншеліктер азаматтарды сақ болуға шақырады. Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

