БҚО-да үй шатыры өртеніп кетті
01.06.2024 00:20
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы Ақбалшық ауылында жеке тұрған үй шатыры өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілер 132 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген қызыл жалынды сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

