Батыс Қазақстан облысында Үндістан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
9 тамыз күні Бөрлі ауданының тәртіп сақшылары Үндістан елінің 12 азаматын ұстады. Тексеру барысында аталған 12 шетел азаматының 8-інде ҚР аумағында визасыз болу мерзімі аяқталғаны белгілі болды. 8 шетелдікке қатысты ӘҚбтК-нің 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жолданды, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.
Ұсталған азаматтар Қазақстанға турист ретінде келгені белгілі болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

