Жаңалықтар

БҚО-да ұлын жұмысқа заңсыз қабылдаған директор жазаланды

БҚО-да ұлын жұмысқа заңсыз қабылдаған директор жазаланды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 21.12.2023 13:15 941

БҚО прокурорлары балалар лагерлерінде заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының прокуратурасымен балалар лагерлерінде тексеріс жүргізілді.

Тексеру барысында «Тәрбие жұмысы орталығы» МКҚК директорымен «Жас ұлан» балалар лагеріне тиісті білімі және біліктілігі жоқ, өзінің баласы жұмысқа заңсыз қабылданғандығы анықталды.

Сонымен қатар, соңғыға белгіленген мөлшерден артық жалақы аударылған.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісімен құқыққа сыйымсыз артықшылық білдіргені үшін МКҚК директоры «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабының 1-тармағының 4-тармақшасы негізінде қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.  

 Артық аударылған жалақы мемлекетке қайтарылды.

Скиф ньюс мәліметінше бұдан бөлек, «Достық» балалар лагерінің ғимараты апатты жағдайда екендігі және балалар лагері өзінің жұмысын санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамай жүргізгендігі белгілі болды.

13 лагерь жұмысшыларында тиісті медициналық рұқсаттары болмаған.

Сонымен қатар, балалар лагерінің меңгерушісі тұлғаларды жалған жұмысқа орналастыру арқылы бюджет қаражатын жымқырған және сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғандығы анықталды.

Бәйтерек ауданы прокуратурасының бастауымен Қылмыстық кодекстің 189-бабының 2-бөлігі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қызмет бабын пайдаланып бөтеннің мүлкін талан-таражға салу)  және 190-бабының 2-бөлігімен (қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық) қылмыстық істер тіркелді.

Кейіннен мемлекетке келтірілген залалдың толық көлемде өтелуіне байланысты қылмыстық істер ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға