БҚО-да туғанына бір күн болған шақалақ санавиациямен Оралға жеткізілді
20.05.2025 01:22
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Батыс Қазақстанда дүниеге келгеніне бір күн болған нәрестеге шұғыл көмек қажет болды. "Қазавиақұтқару" әуе кемесі сәбиді санавиация желісі бойынша тасымалдау үшін Бөрлі ауданы Ақсай қаласына ұшып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, дәрігерлер нәрестенің ауыр жағдайына байланысты оны Орал қаласындағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына шұғыл жатқызу қажет болған. Обылстық ТЖД басшылығы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, тік ұшақты медициналық мекеменің аумағына қондыру туралы шешім қабылдаған.
ТЖМ ұшқыштарының жоғары кәсібилігінің арқасында шұғыл тасымал сәтті жүргізіліп, кішкентай науқас анасымен бірге денсаулық сақтау қызметкерлеріне аман-есен табысталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

