БҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр
02.03.2025 19:00
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласындағы су айдындарында көктемгі су тасқыны кезінде мұз кептелістерінің пайда болуы мүмкін жерлерде мұз қабатын әлсірету жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шараларға ТЖД жедел-құтқару жасағының және ТЖМ 20982 әскери бөлімінің күштері жұмылдырылды.
Мұзда шамамен 3230 тесік бұрғыланды, сонымен қатар 910 метрден астам мұз қабаты кесілді. Осы мақсатта мұз кесетін қондырғы, бензин бұрғылары және басқа да арнайы құралдар қолданылуда.
ТЖМ сонымен қатар облыс бойынша қар шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта аудандар мен Орал қаласында 480 мың текше метрден астам қар шығарылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

