Жаңалықтар

БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 17.03.2023 10:16 843

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі  облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір тәулік ішінде Орал қаласы мен облыстың Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе, Казталов және Бәйтерек аудандарында 75 000-нан астам текше метр су сорылды.Жедел қимылының арқасында су басқан 57 тұрғын үйден су сору жұмыстары аяқталып, эвакуацияланған 275 адам үйлеріне оралды, 22 адам әлі де туыстарының үйінде. Сонымен қатар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары 20 саяжай аумағында жалғасып жатыр, - деді Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы Ернұр Утегенов.

Қазіргі уақытта Дерқұл, Шаған және Шыңғырлау өзендері арналарындағы су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. 11 бақылау гидробекеті қойылды, олардың көрсеткіштері бойынша жедел шешімдер қабылдануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға