БҚО-да студенттерден ақша бопсалап келген екі жігіт ұсталды
06.12.2024 21:35
Фото:
Polisia.kz
Батыс Қазақстанда колледж студенттерінен қорқытып, ақша бопсалап келген екі жігіт ұсталды. Олардың екеуі де аталған білім ордасында жоғарыда курста оқитындар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктілер төменгі курс студенттерінен күш қолданып қорқытып, ақша талап еткені анықталған. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстың барлық мән-жайларын анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

