БҚО-да шаруа қожалығының қысқа қамдаған 175 тонна шөбі өртеніп кетті
20.09.2023 17:36
Фото:
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долинное кентінде 175 тонна қысқа дайындалған шөп жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Алижан" шаруа қожалығының қысқа қамдаған шөбі бір сәтте жанып кеткен.
Сағат 16:37-де 101 пультіне шаруа қожалығының қорасы өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шамамен 300 шаршы метр алаңда бөлек тұрған 175 тонна мая етіп үйілген пішен өртеніп жатқанын анықтады, - дейді ведомство.
Шөп 700 бума болған. Тілсіз жау түн ауа сағат 00:20-да толық өшірілген. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ, дейді өрт сөндірушілер.
Өртті сөндіруге 3 адам, 1 техника жұмылдырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

