Жаңалықтар

БҚО-да қаңғыбас иттер кішкентай қызды талап тастады

БҚО-да қаңғыбас иттер кішкентай қызды талап тастады
Фото: uralskweek.kz 14.10.2024 10:08 152

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында қаңғыбас иттер қыз баланы қауып алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақсай қаласы әкімі аппаратының Telegram каналының мәліметінше қаланың солтүстік бөлігіндегі балалар алаңы аумағында кішкентай қызға иттер шабуыл жасаған. 

Ойын алаңының аумағында (Алексеева көшесі, қаланың солтүстік бөлігі) иттер қызға шабуыл жасады. Жедел жәрдем шақырылд, – делінген хабарламада. 

Бала бірнеше жерінен жарақат алған. Алғашында жансақтау бөліміне түскен қыз қазір хирургия бөліміне ауысты. 

Қабылдау кезіндегі травматикалық шок белгілерін ескере отырып, бала реанимация бөлімшесіне жатқызылды, емдеу кезінде жараларды хирургиялық емдеу, сіреспеге қарсы сарысумен шұғыл егу жұмыстары жүргізілді. Жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы тұрақталып, хирургия бөліміне жатқызылды» – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Қазір қыздың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға