Батыс Қазақстан облысында прокурор өлі табылды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 8 мамырға қараған түні өз үйінің ауласында прокуратура қызметкері өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған еді. Қайтыс болған адамның Теректі ауданының прокуроры қызметін атқарғаны хабарланған.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.
Облыс прокуратурасы осы жағдайға байланысты көңіл айтады, – делінген хабарламада.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

