Жаңалықтар

БҚО-да полицейлер суицид жасамақ болған қызды құтқарып қалды

БҚО-да полицейлер суицид жасамақ болған қызды құтқарып қалды
Фото: Видеодан кадр 21.10.2024 16:11 118

Полиция қызметкерлері Ақсай қаласында пәтерлердің бірінің алтыншы қабатынан секірмек болған қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғарғы қабаттан секірмек болған қызды көрген куәгерлер полицияға қоңырау шалды. Полиция қызметіне хабарлама түскеннен кейін учаскелік полиция инспекторлары дереу оқиға орнына жіберілді. Абырой болғанда, пәтердің есігі құлыпталмаған болып шықты. Полиция қызметкерлері пәтерге кіріп, терезеде отырған қызды бірден ішке тартып алды.

Полицейлердің жедел әрекеттерінің арқасында қыз құтқарылды. Қазір оның жағдайы жақсы. Болжам бойынша, қала тұрғыны мұндай шарасыз қадамға отбасылық мәселелерге байланысты барған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға