Видеодан кадр

БҚО-да моторлы қайықпен ер адам құтқарылды

22.04.2024 03:37

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында ер адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті тұрғынға құтқарушылар және жергілікті медицина қызметкері моторлы қайық көмегімен жеткен. Құтқарушылар ер адамға алғашқы көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.