Бейнежазбадан скриншот

БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді

11.01.2025 02:33

Батыс Қазақстан облысында келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазавтожолдың" мәліметінше ауа райына байланысты үш бағыттағы жол таңғы уақытқа дейін жабық болмақ. 

  • Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы: 273-392 км (Барбастау ауылы - Жымпиты ауылы);
  • Орал-Тасқала-РФ шекарасы: 4-104 км (Орал қаласы - РФ шекарасы);
  • Атырау-Орал: 372-492 км (Ақжайық ауылы - Орал қаласы).

Жолды 2025 жылғы 11 қаңтар сағат 06:00-де қайта ашу жоспарланған.